Қазақша жаңылтпаштар: арқар, әтеш, гүл және ескекші
Күз, кез, көз, күш, кеш, көш, қыр, кер, көр, күл, кел, көл, кілең қысқа сөз, кім оқиды тез? Арқада алты арқар бар, қырқада қырық арқар бар, қырық арқарда ақ арқар бар, алты
арқарда марқа арқар бар. Әбдіреде Әбігер әтеш отыр, Әбігер әтеш отырған әбдірені әжем
ашып отыр. Гүлім гүлге қарап күлімдеді, көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.
Доп теп, дөп теп. Ескекті ескекші еседі, ескекші ескекті еседі. Жағажай, жағажайда Қамажай.
Зура зурнада ойнайды. Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме, Зара да, Зере де зурнада ойнайды.
Инелік илеуде иленбейді, итбалық итмұрынды иіскемейді. Тай, тай, тай, жайылып жүр тай. Ай, ай, ай, ұшып кетті торғай.
End of transcript · 102 words